$ 439.43  473.31  4.82

Ресей Байден бастаған бірқатар АҚШ шенеуніктеріне санкция салды

Ресей бұл санкциялар елдің экономикасын қорғау және оның тұрақты дамуының қауіпсіздігі үшін жасалғанын алға тартқан.
Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және бірқатар америка шенеуніктеріне санкция салды.

Олар:

Джо Байден, АҚШ президенті

Энтони Блинкен, мемлекеттік хатшы;

Ллойд Остин, қорғаныс министрі;

Марк Милли, Ұлттық штаб басшыларының біріккен комитетінің төрғасы;

Джейкоб Салливан, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі;

Уильям Бернс, ЦРУ директоры;

Дженнифер Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы;

Далип Сингх, АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісінің орынбасары;

Саманта Пауэр, Халықаралық даму агенттігінің басшысы;

Хантер Байден, Джо Байденнің ұлы;

Хиллари Клинтон, АҚШ президенттігіне кандидат болған саясаткер;

Адевейл Адейемо, Қаржы министрінің орынбасары;

Рета Джо Льюис, Экспорт-импорт банкінің президенті.

Ресей бұл санкциялар елдің экономикасын қорғау және оның тұрақты дамуының қауіпсіздігі үшін жасалғанын алға тартқан.

Бұған дейін АҚШ пен Еуропа елдері Украина шабуыл жасап, соғыс жүргізіп жатқаны үшін санкция көп салды. Соның кесірінен Ресей экономикасы әлемнен оқшауланды, оның әсері Ресейде қатты байқалуда. Саяси жақтан әлемдері Ресейлі Украинадағы соғыс үшін айыптап жатыр. Бірақ Ресей соғысты тоқтатқан жоқ.

arasha.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары