$ 494.87  520.65  4.91

«Киевтемін» деген Қадыровтың Грозныйда жүргені белгілі болды (ВИДЕО)

Қадыров Шешенстандағы резиденциясында отырып Путинге есеп береді.

Өткен аптада Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Украинадағы соғыс аймағында жүрген видеосы желіде жарияланды. Видеоны “Грозный” мен RT телеарнасы 13 наурызда таратқан, деп жазады Ойнет жаңалықтар сайты.

Дегенмен бұл видео жалған болып шықты. Себебі кеше РФ Президенті Владимир Путин жиын өткізді. Жиын барысында Рамзан Қадыров баяндама жасады. Видеодан көргеніміздей, Қадыров Шешенстандағы резиденциясында отырып Путинге есеп береді. «Біз экономикалық санкциялардан қорықпаймыз. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз және мемлекетіміздің экономикалық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украинада, сондай-ақ Кавказда бейбітшілік орнататын боламыз», - деді Қадыров өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларына арналған кеңесте.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары