$ 494.87  520.65  4.91

Иранда наразылық білдірушіге алғашқы өлім жазасы тағайындалды

Сотталушыны «Құдайдың жауы» деп те жариялады.

Иран соты Тегеран провинциясындағы наразылық шерулеріне қатысушылардың біріне бірінші өлім жазасын берді. Ол үкіметтік ғимаратты өртеп жібергені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасағаны, қастандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотталушыны «Құдайдың жауы» деп те жариялады. Ол Иран заңымен аса ауыр қылмыс болып саналады және ол үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бірақ ол үкімге шағымдана алады.

Сонымен қатар бес адам ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстаған қыз қайтыс болғаннан кейін Иран ауқымды наразылықтарға тап болды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, акция кезінде 318 адам қаза тапты.

Бұған дейін Иран парламенті наразылықтарға қатысқаны үшін айрықша жаза қолдануға шақырған қарар қабылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары