$ 494.87  520.65  4.91

Түркия жарылыстан кейінгі АҚШ-тың көңіл айту хатын қабылдамады

Ел билігі жарылыстың қай жерден үйлестірілгенін білетінін мәлімдеді.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу тергеуге Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекеттің қай жерден үйлестірілгені мәлім екенін, сондықтан елдегі АҚШ елшілігінің көңіл айтуы қабылданбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз шабуылдың қай жерде үйлестірілгенін білеміз. Бізге жіберілген хабарламаны алдық және оның қандай хабар екенін білеміз. Біз Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасаған емеспіз, сондықтан мұндай арамзалыққа бұдан былай төзімділік танытпаймыз. Истиклал көшесі – біздің аяулы ортамыз. Егер шабуылдаушыны ұстамағанымызда, ол бүгін Грекияға қашып кетер еді», - деді министр CNN Türk арнасына берген сұхбатында.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер АҚШ-тың Ыстамбұлда болған зорлық-зомбылық әрекетін айыптайтынын, сондай-ақ құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, бір күн бұрын Ыстамбұл орталығындағы жаяу туристерге арналған Истиклал көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Кейін Түркия вице-президенті Фуат Октай 81 адам жараланғанын хабарлады.  

Полиция шабуылға қатысы бар деген күдікпен 46 адамды ұстады, оның ішінде жарылыс жасады деп күдіктелген әйел де бар. Желіде жарияланған видеода оның сәкіде 40 минуттай отырып, жарылыс болған соң телефон экранына қараған қалпы алды-артына қарамай қашып бара жатқаны көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары