$ 494.87  520.65  4.91

Ердоғанның басты қарсыласы сотталды

Ол бұл үкімді негізсіз  және өзін президенттік сайлауға жібермеудің әдісі деп мәлімдеді.

Билік өкілін қорлағаны үшін Ыстанбұл мэрі сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экрем Имамоглу – сайлауда Түркия президенті Ердоғанмен иық тіресе алатын негізгі қарсыластардың бірі. Түрік соты оны билік өкілін қорлағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.  Ол бұл үкімді негізсіз  және өзін президенттік сайлауға жібермеудің әдісі деп мәлімдеді.

Соттың анықтауынша, Имамоглу 2019 жылдың наурызында Ыстанбұл мэрі сайлауының нәтижелерін жойған шенеуніктерді ақымақ деп атағаны үшін қылмыскер саналған.

Олар сайлауда президенттік Әділет және даму партиясының кандидатын жеңді. Бұл Ыстанбұлдағы сайлауды екі рет өткізуге тура келген еді. Біріншісінде Имамоглу сәл ғана басымдықпен жеңіске жетсе, екіншісінде айқын жеңген. Билеуші партия дауыс беру және санау кезінде жіберілген заңбұзушылықтар туралы бірнеше шағым түсірген соң дауыс санау қортындысы жойылған болатын. Соның нәтижесінде сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізуге шешім қабылдады және Имамоглудың сенімді жеңісі Түркияның ең ірі қаласында Әділет және даму партиясының 25 жылдық билігін аяқтады.

Іс мэрдің 2019 жылғы алғашқы жеңісінен кейін айтқан сөзіне негізделген. Имамоғлу Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың сөзіне жауап ретінде шенеуніктерді ақымақ деп атаған. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырса, бұл Имамоглудың саяси мансабының аяқталуын, соның ішінде келесі жылы президенттік сайлауға қатыса алмауын білдірмек.

Имамоглу сот шешімін мойындамай, «Бірнеше адамның халық беретін билікті өз мойнына алуға құқығы жоқ» деп мәлімдеді. Шенеунік үкімге шағымданбақ және ол қаралғанға дейін өз қызметінде қала бермек. Бірақ ол президенттік сайлауға түсу құқығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары