$ 444.14  477.05  4.85

Берлинде 1500 балығы бар алып аквариум жарылды (ВИДЕО)

Су балықтармен бірге көшеге ағып кетті.

Берлиннің ортасында орналасқан Dom Aquaree қонақ үйінде 16 метрлік аквариум сынып кетті. Аквариумда 1,5 мың теңіз жануары болған. Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Morgenpost басылымына сілтеме жасап.

Twitterжелісіне пайдаланушылар оқиға орнынан түрлі видеолар салып жатыр.

Dom Aquaree қонақүйі Берлиннің орталығындағы Карл-Либкнехт-Штрассе көшесінде, Берлин Александерплац алаңы мен әйгілі телемұнараның жанында орналасқан.

Ол әлемдегі ең үлкен аквариумдардың бірі саналаптын. Онда 1,5 мың теңіз жануары мен 1 миллион литр су болған.

Су балықтармен бірге көшеге ағып кетті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиғаның себебі әлі анықталмаған. Алайда алдын ала болжам бойынша оған материалдардың тозуы себеп болған.

Қазір аквариумы бар қонақүй тұрған көше жабық.

Жолға көп су төгілген. Оқиға орнында апаттық-құтқару қызметінің 100 маманы жұмыс істеп жатыр.

Қонақүй қонақтарын эвакуациялау үшін арнайы маршруттық автобустар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта Берлиндегі ауа температурасы -7°.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары