$ 494.87  520.65  4.91

Ойландырмау ойыны

Русь қоғамының ел болғалы ермек еткен бір қағидаты –  қолдан құдай жасау технологиясы. Патшалық Ресейдің дінмен не үшін араз болғандығын енді түсінген шығарсыз. Себебі нағыз Құдай тұрғанда жасанды құдайларға сірә да орын жоқ. Діннің  танымдық ( «Таухид» (Аллаға серік қоспаудың)  негізгі мақсұты да осы-тұғын.

Арғысы Николай, бергісі Ленин мен Сталиндер де жоғарыдағы технологияның кезекті өнімдері болатын. Енді ойланып көріңіз, «құдай» өзінің нағыз құдай екендігін сезіну  үшін оған құлшылық етуші, дәлірек айтсақ тұла бойымен  тәу етіп табынар тобыр керек. Біздің әлі күнге пайымдай алмаған тоталитарлық режим табиғатының бар құпиясы осы ғана.

Оның патшаға мадақ, халыққа тамақ атты қос тәсілден тұратын қарапайым ғана механизмі бар. Біздегі әлеуметтік атты  кредиттіксананың мемлекеттік масштабқа  ұласып,  ұлт пен  ұрпақ хақында ойлай алмауы да осы сөзіміздің айғағы.

Ойлау дегеннен шығады тіршілік қазығына арқандалған жанбағар халықтың  ойлау мен оқуға ешқандай да уақыты да жоқ. Халықты мәңгілікке құл етіп  санасына шіре, тақымына бұрау салып, тырп еткізбей тұншықтырудың ғажайып тәсілі де  осы. Бұған «жығылғанға жұдырық» болған  отандық  теледидардағы  құлдырауды  қосыңыз.  

Өкініштісі сол,ойландырмау ойынының ойыншығына (қуыршағына) айналған біздерге қалғаны – тек жасанды «жаратушыларға» арнап жаппай жарапазан айту. Осы жолда ҚАСТЕРЛІ  ҒЫЛЫМ  мен  ҚАСИЕТТІ ДІНДІ

(тіпті құран мен хадисті де) аяусызбұрмалап, қасиетсіз саясаттың қолжаулығына айналдырдық. МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИМАНҒА БЕЙІМДЕЛМЕЙ, керісінше дін мен ғылымды өздерінің теріс пиғылына бейімдеді. Алладан араша дейміз, антұрғандықтың бұдан асқан шегі болмаса керек.

Қазіргі қазақ қоғамына Мұса пайғамбардай азаттық жаршысының ауадай қажет екендігін сәт сайын санаң  сезеді...

Ықылас ОЖАЙҰЛЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары