$ 494.87  520.65  4.91

Өгей шешеден қорлық көрген қыздар «Жас балаларды бейімдеу орталығына» тапсырылды

Өткен аптада өгей шешеден қорлық көрген 3 қыз жайлы ақпарат желіні желдей есіп, үлкен шу туғызған болатын. Қыздардың қоғамдық қорғаушысы заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желідегі парақшасына  балалардың бейімдеу орталығына тапсырылғанын айтып, үшеуін де алдағы уақытта мемлекет өзі бақылап отыратынын жазыпты. 

«Үш қызды мемлекет өз бақылауына алды. Бас Прокурор Ғизат Нұрдаулетов мырзаға көп рахмет! Тергеу біткенше қыздар, мемлекет бақылауында болғаны дұрыс. Психолог мамандар қыздармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек!

Қыздар қазір зомби болып қалған. Жалтақ-жалтақ еткен жауқазындарды енді ешкім қорламайды. Бүгін қыздарды Шымкент қаласының «Жас балаларды бейімдеу орталығына» алып келді. Қыздардың жағдайы жақсы, қазір мамандар өз жұмысын бастап кетті. Қыздардың қауіпсіздігін Түркістан полиция департаменті бақылап отыр», – деп ол алдағы уақытта қыздардың тағдырын сот және олардың өздері шешетінін жазған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.

Кейін қыздардың туған анасы күйеуінен таяқ жегенін және оның салафит екенін айтыса,  әкелері балаларын ешкімге бермейтінін мәлімдеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары