$ 494.87  520.65  4.91

Өз бауыр етімізді өзіміз жеп отырмайық қытайға тиіп...

1970 жылдан бастап ҚХР-да адам өсімін шектеу туралы саясат қолға алынып,  ұлты қытай отбасында бала санын біреуден, қытай еместерге екеуден асырмауды заңдастырды. Содан қызды тумақ түгілі, жатырда жатқанда-ақ түсіріп тастайтындар саны елде күрт артты. Қытайда бүгін үйлену жасындағы жігіттердің үлес салмағы 90 миллионға жетсе керек... Осы 90 миллион қытай еркегі қу тізесін құшақтап жүре бере ме? Жоқ, әрине. Іргесінде Қазақстан дейтін ел жатыр емеспыз бе. Шықырлаган ақшасын көрсе болғаны, есігін кағып үлгермей, етегінің астына сүңгітіп жіберуге әзір...

Түріктің «наташасы» секілді...

Иә, Түркияға барып көрген ерлер жағы жымың ете қалған шығар, құлағына жағып... Бірақ өз қарындасы не әпкесінің есігін, есігін емес-ау арын күзетсе дейсің ғой.  Әйтпесе, Айбану Күнтуарова Ақтөбеден ашына хат жазар ма еді? СНСП компаниясына «офис менеджері» боп қабылданған ол өз басынан өткен жайтты баяндап еді ғой: (abai.kz 15.05.2015) «жұмысқа қабылдандым, бiрақ бұларға сенің дипломың да, ағылшынша түгіл әлемнің барлық тілінде сайрап тұрғанын да емес, бойың ұзын, түрің әдемі болғаны манызды екен.  Өкініштісі, осындай арбауға қаншама қазақтың қызы ілініп қалып жатыр. Біреуі генеральный директордың, енді бірі басқаның көңілдесі болып, қытайға барып, қыдырып, оқуға түсіп жатыр. Жооқ, олар оқуға емес, қытай құрған қақпанға түсіп жатыр. Өзі ғана емес, елінің болашағын да сол қақпанға айдап апарып тоғытып жатыр... » дегені шымбайға батты. Батысымыздағы 30 мыңнан астам қытай тұратын бір ғана қаланың жағдайы осындай. Ал республика бойынша ше? Әпке мен қарындастың арын күзетсе дегеннен шығады, мұнай іздеп келгендерді кезінде жігіттеріміз орнына қойып тастауы керек пе еді,  бәлкім, сонда бүгін әр қытайдың көңіл көтеретін өз "қазақ қызы" болатын дәрежеге жетпес пе едік? Түркияда «наташа» болған орыс та оңып тұрған жоқ, бірақ бүтін бір ұлттың ұятына кір келтірген қазақ қызының ісіне тіпті сөз жоқ.  Қазақтың бір азаматына төс мүжіту орнына қысық көздерді төске өрлетіп қойғаны...

Кыз жат жұрттық, бірақ жат ұлттық емес

«Жүрекке әмір жүрмейді» деп шыға келеміз... Бірақ сөйтіп ұлт талғамай тұрмыс құрып, шаңырақ көтерудің кесірінен көп ұзамай  тұтас  ұлтың, мемлекетің жойылатын болса ше?  Мынау әжім торлаған әлем тарихы нені бастан кешірмеді деңізші?.. Өткен ғасыр басында Испан отарынан азат болған Перу халқы – кечуалар еді... Бірақ отарлаушы испандық креолдар келген сон перулік пен испандық аралас некеден метистер туды.  Ақыры олар бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Қысқасы не  керек, метистер жүз жылға жетпей байырғы халық перуандарды (кечуалар) жер бетінен жойып жіберді. Осыған ұксас жағдай өзімізде де болды ғой, кімге таң каламыз?  1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» дегенде, бірінші орынды Латвия, сосын  Қазақстан алыпты. Қазір ше? Тәуелсіз елміз, бірақ елімізде жыл сайын шамамен 100 мың неке қиылса, соның 20 пайызы аралас неке екен. 18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Не үшін? Жақсы тұрмыс үшін! Зәулім үйде тұрып, қымбат көлік міну үшін өз ұлтын құрбандыққа шалып жатыр. Сенбесек, міне мысал...

 
Жун-го жиен...

Бекен Қайратұлы өзінің аралас неке жайлы бір мақаласында мынадай оқиғаны келтіреді. «Талдықорған қаласында түп тегі сарыағаштық Жанар дейтін жас келіншек Хау-ин дейтін қытаймен бірге тұрады. Шаңырақ көтергеніне 10 жыл. Қысқасы, қытай Хау-ин мен біздің Жанар қыз біреуі қатынын, келесісі байын тәрк етіп қосылып алған. Біздің қыз бұрынғы күйеуінен қалған Нұржан атты ұлын да ерте келген. Қытай елі Хау сияқты шетелдік қызбен үйленген азаматтарына аямай қаржы береді екен, соның арқасында екі жас екі қабат коттедж салып алған. Олар өздерінен туған бір ұлына Жун-го деп ат қойыпты. Бұл әрине, «Қытай елі» деген сөз. Қысқасы екі бала да орыс мектебінде оқиды. Қазақша ләм-мим. Керісінше қытай, ағылшын, орыс тіліне судай.


«Император қыздарының» жалғасы...

Десек те, дәл қытай секілді жымысқы, зымиян саясат жүргізу өзге ешбір елдің ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кіре қоймайды-ау сірә... Бір кездері «император қыздары» деп хандарымыз бен бекзада, бай, батырлармыздың қойнына бір-бір қызын салып бергені де естеріңізде болар? Сол бір тарихи шындықты Қойшығара Салғараұлы жілігін шағып, майын ішкізіп еді ғой.  Жалпы осы ахуал СПИД секілді ғасыр індетіне ұқсайтындай. Беті аулақ, бірақ ол дерт адамға  тамырдан тарайды, сосын екінші жолы осы етектен төмен жақтан, солай ғой? Ендеше, «қыз арқылы ұлттың анасын өсіретінімізді» білген «құдайы көршіміз» біздің тамырымызды тап басқаны емей немене? Бірақ, кінә өзімізден де бар ғой: «қазақта қыз көп, жігіт аз, тіпті 7 қызға – бір жігіт» деп жарияға жар салдық. Содан «бір қызды құшағына алғанына екіншісі ғана емес, оныншы, тіпті жүзінші, мыңыншысы да тегін» атты «акция» деп қабылдап,  жарылқайын деген шығар?.. «Сізде қыз болса, бізде жігіттер жүр сақырлап»  деп, біз жақта компанияларын ашып, жұмыс күші деген сылтаумен тепсе темір іздейтін жігіттерін жіберді. Нағыз үйленер шағындағы азаматтар да «бір оқпен екі қоян атып алуға» сақадай сай келе кояды. Бейресми мәліметтер 30 мыңнан астам қытайлық азаматтар Қазақстанда да тастай батып, судай сіңгенін алға тартады. Жуырда көрші елдің интернет сайттарында алдағы 20-30 жылда Қазақстанда 20 миллион қытайлық мекендейтін болады деген қорқынышты мәлімет жарияланды…
Өйтпегенде ше?
Біріншіден, қыз – тегін!
Екіншіден, сол арқылы ол өте тез азаматтық та алады.
Үшіншіден, сол  «ерлігі» үшін оған елі есебіне қыруар қаржы құйып, жас жұбайлар біздің елде дәулетті отбасына айналып шыға келеді. Кімнің ұрпағы көбейеді? Әрине, айтпай-ақ түсінікті...


Бөріктілер ғана емес, көріктілердің де (қыздар) намысы бір!

Олай болса, қазақтың бір қызы жалаңаштанса, барша қызы ұялуға тиіс. Бір қыз жат ұлтқа кетсе, қалғанымыз оған еліктемей, керісінше сүйегімізге зор таңба деп қабылдауымыз керек.  Неге? Білгенге бұл – баяғы Отырарда Шағатай әскеріне қақпаны ашып берген Қарашоқының ісінен жүз есе сорақы сатқындық! Өз құшағың арқылы бөтен жұртқа қақпаны ашып бересің. Ол аз десең, өз ұлтыңды өзгенің ырқына жығып бересің. Ең сорақысы, онсызда саны аз ұлтыңа ойсырата соққы беріп,  өз жеріңде өзгенің санын көбейтесің. Біз қашан тегін беріліп едік, жат ел түгілі, іргедегі ауыл, көрші үйге келін болсақ та, түйе, жылқы бастаған қалыңмал төлеп, құда түсіп, сырға салып алушы еді ғой? Түрікмен төрін ғана емес, қызын да өзгеге бермей, алам деушілерге алтыннан салық салып отыр. Мұның бәрін қойшы, бір ғана нәрсені  өзің көріп отырсың ғой, әпкетай, сіңлім...   
       

... Қазанда бұрқ-сарқ етіп қайнап, былқылдап піскен бөбек емес, бейне бағлан еті секілді сүйегіне дейін сорып, сүйсініп жеп отырған каннибалдарды бейнесін көрдің бе? Көрдік! Кім сол? Жаның түршіккен жоқ па? Бетін аулақ қылсын, ертең өз балаң қайнап жатса ше, сол қазанда? Ендеше, етегің жап, есің жи, қазақ қызы!

  
                                                                                 Мәриям ӘБСАТТАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары