$ 514.65  544.6  5.17

«Медициналық құпия»: Біртанов ауру жұқтырғандардың аты-жөнін жариялауға болмайтынын айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар, ол тікелей эфирде қаңтардан бастап ауру тарап жатқан елдерге бармаған жөн екені айтылып жатса да, халықтың тыңдағысы келмейтінін жеткізді.
фото: express-k.kz
фото: express-k.kz

«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Ашық алаң» бағдарламасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандардың аты-жөнін жариялауға болмайтынын алға тартты. Оның айтуынша, бұл азаматтардың конституциялық құқығын бұзады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама жүргізушісі Мақсат Толықбай министрге: «Жалпы, қоғам тарапынан «Неге біз коронавирус жұқтырғандардың атын атап, түсін түстеп тұрып жарияламаймыз?» деген сияқты сұрақтар өте көп қойылады. Суретін іліп қойып дейді...» - деп сұрады. Сол сәтте Елжан Біртанов аспай-саспай: «Енді өзіңіз қазір ауырып қалсаңыз, сіздің аты-жөніңізбен суретіңізді іліп қойсақ, қалай ойлайсыз? Соны айтып отырсыз ба?» - деп қарсы сұрақ қойды.

Журналист: «Мен енді шамам келгенше жауап беріп жатырмын, «бұл медициналық құпия ғой» деп...» - дей бергенде, Денсаулық сақтау министрі: «Әрине, ол – медициналық құпия. Әр азаматтың құқығы Конституциямен бекітілген. Сондықтан жариялаудың ашқандай қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Ешқандай мемлекетте мұндай шараға ешкім барған жоқ. Бұл дұрыс емес», - деп сөзін одан әрі іліп әкетті.

Тағы оқи отырыңыз: «Білуге құқығымыз бар»: журналистер ДСМ-нен коронавирус туралы толыққанды ақпарат беруді талап етті

Коронавирус – сифилис емес: ауруды жұқтырғандардың аты-жөндерін жасырмаған маңызды

Сонымен қатар, ол тікелей эфирде өз тараптарынан ауру тарап жатқан елдерге бармаған жөн екені айтылып жатса да, халықтың тыңдағысы келмейтінін жеткізді.

«Қаңтардан бастап халыққа шетелге бармауға кеңес беріп жатырмыз. Бірақ, бұл кеңеске құлақ аспағандар бар. Тіпті, олар жұмыс бабымен, оқумен емес, жай демалуға барып жатыр. Қазіргі таңда Египетте жүрген 40 адам елге қайтқысы келетінін айтып көмек сұрады», - дейді Елжан Біртанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары