$ 498.34  519.72  4.85

«Министрлік статистикамен ойнап отыр» - дәрігер (ВИДЕО)

Оның айтуынша, сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.
фото: facebook.com/mynzhylky.berdikhojayev
фото: facebook.com/mynzhylky.berdikhojayev

Тағы бір дәрігер Денсаулық минстрлігінің былығын ашып жазба жариялады. Бұл жолы Алматыдағы «Орталық клиникалық аурухана» нейрохирургия орталығының меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бас дәрігер Алексей Цойдан коронавирус құрбандары мен жұқтұрушыларға қатысты статистиканы бір ізге түсіруді сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, министрлік статистикамен ойнап отыр. сoronavirus2020.kz сайтындағы күнделікті жарияланып жатқан мәліметтер шындыққа жанаспайды.

«Сайттың мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа еш қатысы жоқ бірақ арты өлімге әкеліп соғатын белгісіз пневмония тарап жатыр. Яғни Қазақстанда өлімге әкелетін жаңа пневмония түрі пайда болды деген ақпарат берілуде. Бұл өтірік ақпарат. Пневмония жағдайларын коронавирус ретінде тіркеуді талап етемін. Статистикамен ойнауды тоқтату керек!», - деп өзінің  Facebook парақшасы арқылы үндеу жолдаған.  

Естеріңізде болса, бұған дейін Қытай елшілігі елде тараған белгісіз пневмонияны «Қазақстан вирусы» деп атап, «Қазақстанда коронавирустан да қауіпті вирус таралды» деп мәлімдеген. Елшіліктің мәлімдемесінен кейін кейбір қытайлық сарапшылар пневмонияның Қытайға таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдау керек екенін айтып, Қазақстан мен Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаңның шектесетінін ескерткен.

Көп өтпей, Батыс бұқаралық ақпарат құралдары «Орталық Азия елінде өлім көрсеткіші коронавирустан жоғары жаңа вирус пайда болды» деген мазмұндағы ақпараттар таратты.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары