$ 494.87  520.65  4.91

«Шекспирді қазақша сөйлеткен»: Шәкен Айманов туралы сіз білмейтін деректер

Ол – коллекционер.  Оттық пен салпыншақ жинаған.
Фото: kazakhcinema.kz
Фото: kazakhcinema.kz

Қазақ киносында актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың есімі алтын әріптермен жазылып қалды. Skifnews.kz ақпарат порталы аңыз тұлға туралы қызық деректер ұсынады.

Шәкен Аймановтың азан шақырып қойған есімі – Шаһкерім.

Шәкен ортаншы ұл: үлкен ағасы Аққалейн қаржы саласымен шұғылданса, інісі опера әншісі Кәукен Кенжетаев есімімен танымал.

Актердің өнер жолына түсуіне септігін тигізгендердің бірі жездесі – Қали Байжанов. Тәжірибелі маманнан тәрбие алған ол әртістік дарынын ерте байқатады.

Актер алғаш рет 1938 жылы қазақтың тұңғыш дыбысты киносы «Амангелді» фильміне түсіп, эпизодтық рөлден көрінеді.

Англияда Шекспирдің 400 жылдығын тойлау кезінде Шәкен Кенжетайұлы Отеллоның монологын сахнада қазақ тілінде оқыды. Осылайша, оның бұл өнері тарихта қалды. 

«Тақиялы Періште» фильмінің сюжеті өмірден алынған. Шын мәнінде, Шәкеннің Айнакүл есімді апасы кенже ұлына қалыңдық іздеген екен.

Түсірілім арасында болатын үзіліс кезінде актер шахмат ойнайтын болған.

Ол – коллекционер.  Оттық пен салпыншақ жинаған.

Дереккөз: Bugin.kz порталы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары