$ 444.22  476.38  4.82

«Владимир Рерихпен 2 апта бұрын сөйлестім». Дана Нұржігіт бірінші күйеуі жайлы айтып берді (ВИДЕО)

Былтыр ғана екінші рет ақ көйлек киіп, тұрмысқа шыққан танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт бірінші күйеуі Владимир Рерих жайлы сыр шертті. Бұл туралы ол «Бақытты әйел» бағдарламасында баяндады.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» деген. Тележүргіжуші екінші күйеуінің мінезінің жайдары, сабырлы екенін әрі ұлы Әлімді өз баласындай қанатынын астына алып жүргенін айтып, шүкіршілік етті.

«Алғаш рет осындай қамқорлық көрдім. Ер азаматтың бойындағы балажандылықты көріп, елжіреп кеттім. Себебі, мен ондайды көрмегем. Шаруаның бір жағына шығып, болысып жіберу деген осы шығар», – дейді журналист.

Дана Нұржігіт тұрмыс құру жайлы шешімді күтпеген жерден қабылдапты. Есесіне қазір өзін бақытты әйелдер қатарына қосады екен.

«Өмірдегі ең үлкен жеңісім, жетістігім – Әлім. Мен осы жолда  денсаулығымды, жүйкемді, барымды салдым. Жанкештілікке бардым”, – дейді ол.

Сондай-ақ журналист өзінің бірінші күйеуі Владимир Рерихпен де әлі күнге хабарласып, хат алысып тұратынын жеткізді.

«Владимир Рерихпен соңғы рет екі апта бұрын сөйлестім. Ол жерде балаға қатысты мәселе бойынша сөйлестік. Ол кісіні ойшыл, ақылды адам ретінде жақсы қабылдаған болатынмын. Бірақ, ерлі-зайыптылар ретінде екеуіміздің әңгімеміз аяқталған. Отбасында әйел бос орынға айналған кезде, кім екенін білмей дал болған кезде ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді. Мен шындықты жақтайтын адаммын. Сол кезде ажырасу жайлы арызды өзім бердім», – деп Дана Нұржігіт бірінші күйеуі жайлы әңгіме ауанына нүкте қойды.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт былтыр шілде айында екінші рет Мұрат деген азаматпен тұрмыс құрып, елорда төрінде дүркіретіп той жасаған. Қуанышына жақын әріптестері, туыстары мен бірді-екілі достары ортақтасқан.

Қазір журналист Владимир Рерихпен араларындағы Әлім атты жалғыз ұлын тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары