08.10.2018, 18:20

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтпек

top-news.kz

20-21 қазан аралығында елордада «Қазақстан» концерт залында ақындар айтысы өтеді деп жазады ҚазАқпарат.

Ақындар айтысы туралы айтылған Астанадағы баспасөз мәслихатына бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман мен «Алтын домбыра» сыйлығының екі мәрте иегері Мұхтар Ниязов қатысты.

«Елорда өлең-жырға бөленер елеулі оқиғаның алдында тұрмыз. Себебі, Астананың 20 жылдығы аясында өтетін халықаралық ақындар айтысына Моңғолия, Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан ақындар келеді. Бірнеше жыл бұрын Жүрсін Ерман ағамыз мұндай ауқымдағы айтысты өткізген болатын. Бұл жолғысы да кең ауқымды айтыс болайын деп тұр», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Халықаралық ақындар айтысы Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Айтысқа Минатхан Ұларбек, Жәмиға Дәулетқызы (ҚХР), Айдос Рашат, Аманжол Қуантқан (Моңғолия), Асылбек Маратов, Усупбек Уулу Мундузбек (Қырғыз Республикасы) пен Қазақстаннан Ринат Заитов, Еркебұлан Қайназаров, Серік Қойшығұлов, Біржан Байтуов, Мұхтар Ниязов қатысады.

Айтысқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет (әділ қазылар алқасының төрағасы), профессор Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымының докторы, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, ақын, жазушы Шынай Рахметұлы (Моңғолия), айтыс ақыны Әсия Беркенова төрелік етеді.

Жыр додасында бас жүлде иегеріне 5 млн теңге табысталса, бірінші орынға 2,5 млн теңге, екінші орын 2 млн теңге, үшінші орынға (2 адам) миллион теңгеден беріледі.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.