$ 444.22  476.38  4.82

«Ажырасқан еркекпен болған»: Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз табылды

28 қазан күні жоғалып кеткен 18 жастағы хиджаб киген қызды ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы тапты. Студент 3 күн бойы 32 жастағы ажырасқан еркектің жанында болған деп жазады NUR.KZ.

Қыздың анасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына арыз жазғаннан кейін аз уақыттан соң Бимариям табылыпты.

«ҰҚКБ-ның қызметкерлері әлгі ер адамның ағасына (полиция майоры) қоңырау шалды. Олар жарты сағаттан соң қызымызды әкеліп тастады. Бимариям 3 күн бойы ажырасқан 32 жастағы дүкен иесімен уақыт өткізген. 2 баласы бар. Бірақ олар қалада емес екен.

Ол да дін жолындағы адам. Менің кішкентай қызыма көлік әперем, Түркияға кетеміз деп ертегі айтып, алдаған. Қызым бұған дейін маған «әлемдегі ең керемет анасын» дейтін. Қазір мүлде тыңдамайды.

Ол енді «келіншегімді күштеп ұстап отыр» деп полицияға арыз жазыпты. Оның әйелі бола алмайды қызым. Себебі, қазір мешіттердің өзі де ресми некеге отырмағандардың некесін қимайды. Енді ол Бимариямды қалай да алудың жолын ойлап жүр. Не істерімді білмеймін», - дейді бойжеткеннің анасы.

Алматы қалалық полиция департаментіндегілер қызды ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасындағылардың тапқанын растады. Бойжеткен өзін ешкімнің қинап ұстамағанын айтқан.

Еске сала кетейік, 18 жастағы студент қыз осыдан 3 күн бұрын жоғалып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары