$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық байқау өтті

«Нұр отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық байқау өткізілді. Байқауға «Балдәурен», «Үміт» сынды оңалту орталықтарының тәрбиеленушілері белсене атсалысып, көрермендерге арнайы қолөнер көрмесін де дайындады.

Конкурс үш номинация бойынша өткізілген. Әншілік өнер, би билеу мен қолөнер шеберлігі. Осы бағыттар бойынша 26 үміткер сайыста өз бақтарын сынады.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев бастаған әділқазылар алқасы кішкентай өнерпаздардың дайындаған әні мен биін тыңдап, қуанышты көңіл-күйлерімен ортақтасты.

«Бүгінгі дода – өнерпаздардың бақ сынасып, өз өнерімен көпшіліктің көзайымына айналатын қолөнерін көрсететін жас талапкерлердің сайысы. Сендер бойларыңдағы бар күш-жігерлеріңді аямай осындай көңіл қуантатын қызықты көрменің көпшілікке ұсынылынуына себепкер болыңыздар.  Партияның жас дарынды достары сендерге үлкен өмірде сәттілік тілейміз», - деді  Ғалиасқар Төлендіұлы. 

Сайыс соңында үш номинация бойынша орындар тағайындалып, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы марапаттары мен естелік сыйлықтарын алды. «Ән» номинациясында көрермен көзайымына айналған «Бәйтерек» күндіз болу орталығының балалары «Батырлар ұранын» орындаған Меңлібай Ақжол мен Қалдыбай Тілеужан марапатталса, биден алдына жан салмаған «Бәйтерек» күндіз болу орталығының «Іскер жігіттер» би тобы мен бүлдіршін қызымыз өзбек биін шебер орындаған Әйгерім Айдарқызы марапатталды.

Қолөнер бойынша әділқазылардың жоғары бағасына «Бәйтерек» орталығының тәрбиеленушісі Қанабекова Айжан, екінші орын «Үміт» күндіз болу орталығынан Кирилл Беда мен үшінші орынды «Бәйтерек» орталығынан Артем Гринев иеленді.

Партиялықтар шара соңында балаларға балмұздақ таратып6 0уаныш сыйлады. Қуанышты көз жастарын жасырмаған жас өнерпаздар партиялықтарға алғыстарын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары