21.05.2018, 12:29

«Кәсіпкер боламын!» бизнес ойынының «миллионерлері» анықталды (ФОТО)

«Кәсіпкер боламын!» бизнес ойының мақсаты – балалар арасында кәсіпкерлік дағды мен ойлауды қалыптастыру. Чемпионаттық ойынға Маңғыстау облысының білім беру орындарынан 120 бала мен ұстаз қатысты. Оларды үш бөлімнен тұратын ойынға 7 адамнан 15 командаға бөлді.

Балалардың ойынға деген құлшынысы өте мықты. Сыртынан бақылап тұрған адамға құдды бір ойын емес, өзінің жеке кәсібін аяққа тұрғызып отырған кәсіпкердей көрінеді. Өйткені ойын барысында әр қатысушыға қаржы беріліп, түрлі жағдайға салып сыналады. Расында ешқандай бизнес-жоспарсыз кәсібін құрғандар ойынның алғашқы бөлімінде-ақ қолдындағы қаржысынан түк қалмай сан соғып отырды. Ал, жоспарлау мен кәсіпкерлік дағдығының қыры мен сырын игерген бала өз қаржысын ұтымды пайдаланып қолындағысын екі еселеп алуға мүмкіндік алды.

Бұл ойынды «Al-Farabi Education» Business Academyорталығы арнайы ұйымдастырып,бірнеше ай бойы облыстағы білім беру ұйымдарының ұстаздарын арнайы оқудан өткізіп, олардан бизнес – тренерлер дайындады. Мұндағы мақсат – мектеп оқушылары арасында «Кәсіпкер боламын!» ойыны арқылы кәсіпкерлік дағдыны кеңінен насихаттау.

Бердіхан Союнов – Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі:

– Мен өзім бұрыннан кәсіпкерлікке қызығатын едім. Өйткені бізде отбасылық кішігірім кәсібіміз болды. Бизнес деген тек алып-сату емес, тұнып тұрған жоспар мен идея екенін түсіндім. «Al-Farabi Education» Business Academyдың арнайы курсынан өткен кезде көп нәрсені үйрендім. Сонымен қатар кәсіпкерліктің қыры мен сырын балаға осы кезден бастап үйрететін болсақ, ол ертеңгі өмірде ұтылмайтынына сенемін. Өйткені кәсіпкерлік ойлау дағдысын білген бала, ол ережені қарапайым өмірде де пайдалану арқылы үлкен жетістікке жете алады.

Чемпионат екі кезеңге бөлінді:

Алғашқысы – іріктеу кезеңі. Бұл ойында 7 адамнан құрлаған 15 топ өзара бәсекеге түсіп, ойын қорытындысы бойынша «үздіктер» анықталды.

Екінші кезең – суперойын . Супер ойынға алғашқы кезеңнің «үздіктері» жіберілді. Оларды 5 адамнан үш топқа бөліп сайыстырды.

Ойын қорытындысы бойынша үш «Үздіктердің Үздігі» анықталды:

Олар:

- Дауітов Абылхайыр – Ақтау қаласы №9 орта мектеп оқушысы, 10а сынып

- Азанқалыева Жансая – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы №9 орта мектеп  оқушысы, 10-сынып

- Елубаева Ақжібек –Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектеп оқушысы

«Үздіктердің Үздігі» дипломдар мен электрондық кітаптармен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздар жаздық «Кәсіпкер боламын!» бизнес-лагеріне жолдама алды.

«Кәсіпкер боламын!» пилоттық жобасы 2017 жылы Маңғыстау облысында  желтоқсан айында старт берілді. Оған 365 жоғарғы сынып оқушылары қатысқан облыстың 12 орта мектептері қатысты. Жобаның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін жоба авторлары арнайы мамандарды алдырып семинар-тренингтер ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпкерлік дағды мен ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін «Кәсіпкер боламын!» авторлық ойыны жасақталып, бүгінгі өткен чемпионаттық ойынға қатысқан балалар түгел игеріп үлгерген.

Ойын барысында балалар критикалық ойлау, тез әрі нақты шешім қабылдау дағдысын игеріп алғаны көрініп тұрды. Болашақта олар қандай мамандық таңдамасын кәсіпкерлікті қоса алып жүретіндеріне сенімді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.