$ 444.14  477.05  4.85

Ұлы Абайдың портретінде дәрет сындырып, аяқ сүрткендер жұрттың ашуын туғызды

Ұлы ақын, данышпан, бүкіл қазақтың мақтанышына айналған Абайды қорлағандар жұрттың ашуын туғызды. Белгісіз біреулер унитаздың астындағы кілемше орнына ақынның портретін төсеп қойған.

Аталған фотосурет Facebook әлеуметтік желісіне жарияланып, көпшіліктің наразылығын туғызып отыр. Желі қолданушылары мұны жасаған адамды қатаң жазалау керек деп есептейді. "Бұл тек бір ғана ақынды емес, бүкіл қазақ халқын аяққа таптау" дейтіндер де табылуда. Кейбірі мұны жай ғана провокация, алданып қалуға болмайды деп те жазып жатыр. Фотосуреттің қайда және қашан түсірілгені көрсетілмеген.

Еске салайық, бұл Ұлы Абайды қорлаудың алғашқы дерегі емес. Былтыр да әлеуметтік желіде қоғамдық дәретхана алдына төселген ақынның суреті қоғамда қызу пікірталас туғызған болатын. Ол кезде желі қолданушылары аталған туалетті Алматыда орналасқанын айтып, оның иелерін жазалауға уәделескен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары