$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте такси жүргізушісі клиенттің телефонын күшпен тартып алған

Шымкентте такси жүргізушісі клиенттің «Samsung» маркалы телефонын күшпен тартып алған. Бұл туралы жәбірленуші жергілікті жердегі полиция бөлімшесіне арызданды.

Жәбірленуші такси көлігіне қаладағы маркеттің бірінің алдында отырған. Үйіне жақын қалғанда автокөлік жүргізушісі клиенттің қолындағы 120 мың теңгенің телефонын күшпен тартып алады.

Алайда, көп кешікпей жәбірленушінің арызы бойынша полиция қызметкерлері күдікті азаматты қолға түсірген. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары