$ 443.35  475.54  4.82

Бейбіт Шүменов ауыр жарақат алып, жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Кәсіпқой бокстан алғашқы ауыр салмақтағы WBA тұжырымының тұрақты чемпионы қазақ Бейбіт Шүменов көзінен жарақат алуына байланысты кубалық Юниор Дортикоспен жоспарланған кездесуді кейінге қалдырды. Шүменов жаттығу кезінде көзін зақымдап алған. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Апта басында қазақстандық боксшыға Лас-Вегас қаласының ауруханасында шұғыл операция жасалған. Дәрігерлер енді оның көзінің 30-40 күн шамасында қалпына келетінін айтып отыр. Ота жасалғаннан кейін боксшы үйіне жіберілген.

"Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзіме жарақат алып қалдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Осылайша жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз!" - делінген Шүменовтің Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары