09.08.2017, 12:38

Жозе Моуринью Суперкубок медалін жанкүйерлердің біріне сыйлай салды

«Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Жозе Мауринью УЕФА Суперкубогінде алған медалін стадионда отырған жас жанкүйерлердің біріне сыйлай салды. Бұл туралы МЮ-дің Twitter-парақшасында жазылған.

«Көп жағдайда мен жеңіп алған медальдарымды өзімде сақтамаймын. Ал, жеңілістен кейін алған медальдар туралы айтудың өзі артық... Кішкентай бала үшін бұл сәт мәңгі есінде қалады. Оның кім екенін, қайдан келгенін білмеймін, "Манчестер Юнайтед" клубының футболкасын киіп отыр екен», — деп мәлімдеді Моуринью.

Еске салайық, кеше түнде мадридтік «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» УЕФА-ның суперкубогін өзара сарапқа салған болатын. Ойын 2:1 есебімен испандық клубтың жеңісімен аяқталды. «Реал» сапынан 24 минутта Карлос Касемиро гол соғып, командасын алға шығарса, 52 минутта Иско есепті еселеді. Ал, «Манчестер Юнайтед» клубына кеше ғана ауысып келген Ромелу Лукаку 62 минутта жалғыз голмен көзге түсіп, есепті қысқарта алды. Қалған уақытта клубтар өткір шабуылдар ұйымдастыра алғанымен, ойын нәтижесін өзгерте алған жоқ.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.