$ 444.22  476.38  4.82

Дмитрий Баландин Испания ашық біріншілігінде екінші алтынын жеңіп алды

Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Испанияның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екінші алтынын жеңіп алды деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы кеше 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шығып, рекорд жаңартқан еді. Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. Ал Айбек Қамзенов 0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды.

100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ кеше Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары