$ 443.35  475.54  4.82

Атырауда жедел-жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші айыппұл төледі (ВИДЕО)

Жүргізушілер назарына! Егер жедел-жәрдем көлігіне жол бермесеңіз, 24 050 теңге көлемінде айыппұл төлейсіз! «Телепатруль» тобы  жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығып, бірнеше құқық бұзушылықтарды анықтады, хаттама толтырылды деп мәлімдейді Atyrau.kz.

Атыраудағы жедел-жәрдем станциясының мамандары қала көшелеріндегі автокөлік жүргізушілерінің жол бермейтіндігіне шағымданып отыр. Тіпті ауыр науқасы бар дабыл қаққышын іске қосқан көлік келе жатса да, бейқам отыра береді екен.

«Былтырғы жылы 2017 жылы 19 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта сол шара жалғастыру мақсатында рейдтік шара ұйымдастырылып жатыр. Яғни, жедел-жәрдем көліктеріне жол бермеген автокөліктерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы 2 бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіші көлемінде әкімшілік айыппұл салынады», – дейді қалалық ІІБ ЖПҚ бөлім инспекторы Руслан Серікбаев.

Рейдтік шара Атырау қаласында алдағы күндері де жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары