$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-да майкене майын шығаратын зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстанда майкене майын шығаратын зауыт іске қосылып, алғашқы өнім алынды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында іске қосылған зауыт тәулігіне 30 тонна өнім шығарады. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

Сапалы май алу үшін айлап тер төгіп, жан-жақты ізденген мамандардың еңбегі еш кеткен жоқ. Майкене өсімдігі өңірдегі Мақтаарал, Шардара, Арыс және Отырар аудандарында өсіріледі. Бұл өсімдіктің құрамында 47-50 пайыз кеппейтін май болса, оның жаңа тұқымында 73-74 пайызға дейін жетеді. Өсімдік майы 310 градус ыстықта да қызбайды және 18 градусқа дейінгі суықта қатпайды. Сондықтан соңғы кездері бұл өнімге авиация, ғарыш және косметика саласында сұраныс көп. Тіпті медицинада да кеңінен қолданылады. Қазақстандық өнімді Ресейге тасымалдау жөнінде келісім жасалып, қазір өндірісті ұлғайту үшін инвестор іздестіріліп жатыр.

Кеңесбай Төреқұлов, кәсіпорын басшысы:

- Біз енді бұл өндірісті ары қарай дамыту үшін өзіміздің жанымыздан косметиктерді, фармацевтерді шақырып, кішкене цех салсақ па деп отырмыз. Егер ол болатын болса, инвесторлар табылатын болса, сонымен айналысатын мамандар болатын болса, жұмыс көзі табылады ғой деп оытрмыз. Енді бұл зауытта кем дегенде 50 адам жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары