Нұрлы жол 16.11.2016 сағат 11:25

Шымкентте тәуелсіздік мерекесі кең көлемде тойланбақ

Шымкентте желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар мәдени шара өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ел егемендігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «KZ-25» және «Мен елімді сүйемін» акциясы өткізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін қала әкімдігі мәжілісінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі тыңдалды. Жиын барысында аталған бөлімнің басшысы Мұрат Базарқұлов бөлім тарапынан атқарылған жұмыс тұралы кеңінен айтып берді.

- Есептік кезеңде 8 ресми мерекелік жиынмен қатар, 80-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Алдағы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында бірқатар мәдени шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ел егемендігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «KZ-25» және «Мен елімді сүйемін» акциясы өткізілді, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов.

Бүгінге дейін, қала аумағына қосылған елді мекендердегі 10 мәдениет үйінде 125 іс-шара ұйымдастырылып, мәдени және спорттық бағыттағы 19 үйірмеге 125 жасөспірім мен жас тартылған. Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 18 танымдық клуб пен үйірме жұмыс атқаруда.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «KZ-25» атты салтанатты синхрон-акциясына 3 мыңға жуық қала жастары қатысқан болатын.

Өз кезегінде, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов зообақ, мәдениет үйлері, кітапханаларда халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шымкент зообағында қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Тау» экспозициясы мен «Африка» аумағының, «Тұяқтылар» бөлімінің құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен су ұңғымасы, ішкі электр қуаты, газбен қамтамасыз ету жүйелері жүргізілуде.

Есепті жиын соңында қала әкімі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына «Шымкент қаласының 2017 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту» жоспарын жасауды тапсырды.

- Шымкент – шын мәнінде, мегаполис қалаға айналып келеді, - деді Ғабидолла Әбдірахымов. – Экономика және әлеуметтік нысандар құрылысының ахуалын жетілдірумен қатар, мәдениетті дамыту мәселесіне де айрықша мән берген жөн. Қала тұрғындары үшін бұл тұрғыда, лайықты жағдай жасалуы тиіс.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар