$ 446.49  475.38  4.79

25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Төлеби ауданында жалғасын тапты

Биыл – еліміз үшін мерейлі жыл. Азаттықтың ширек ғасыр тойы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы айтулы мерекеге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік саласының дамуына «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы өз ісін жандандырып, жүзеге асырған жеке кәсібімен ерекшеленіп, қосқан үлесі үшін өңіріміздегі ең үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Төлеби ауданында жалғасын табуда.

Өз ісін дөңгелетіп отырған азаматардың бірі Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Оспанов Мықтыбек. Ол 2015 жылы «Ырыс» қаржы ұйымынан мал бордақылау мақсатында 3 млн. теңге несие алып, осы қаражат есебінен мал алған. Бордақылаудың бабын тапқан шаруа кәсібін дамытып отыр. Шаруашылығы жылдар өте келе іріленіп, бүгінде қорасындағы малдың басы 50-ге жетіп отыр.

Келесі марапат иесі Алатау ауылдық округі Қорған ауылының тұрғыны өз ісіне адал, еңбекқор, кәсібінің нәсібін көріп отырған - Зайтенов Турсумбай. Ол 2016 жылы қаржы ұйымынан 5 млн. теңге несие алып, мал бордақылау ісін бастаған. Бордақылау мерзімі малдың тұқымына қарай 2 айдан 4 айға созылады. Шаруаның әр малы күніне 700-800 гр дейін салмақ қосып отыр. Сондай-ақ, малдың жем-шөбі жартылай өздерінен шықса, қалғанын сатып алады екен.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің қолдауы мен жәрдемі әрі қарай жалғаса берсе, сала еңбеккерлері алдағы уақытта бұдан да үлкен табыстарға жетеріне шүбә жоқ.

Айта кетейік, 2016 жылы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы Төлеби ауданында 45 жоба жалпы сомасы 143,0 млн теңгеге мақұлданды. Оның ішінде 38 жоба 138,6 млн. теңгеге қаржыландырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары