$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-дағы Бабата ауылдық клубына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

ОҚО Созақ ауданына қарасты Бабата елдімекеніндегі ауылдық клубы тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай қолданысқа беріледі. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осы жылдың басында аудан әкімі М.Исаевтың халыққа есеп беру барысында көптеген ауыл тұрығындарынан ұсыныстар түскен болатын.

«Соның бірі Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекеніндегі ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тұрғындардың өтініштері болатын. Бүгінде көпшіліктің ұсыныс аяқсыз қалмай, жөндеу жұмыстары басталып кетті» деп көрсетілген әкімдіктің баспасөз баянында.

Жергілікті халыққа қызмет көрсететін ауылдық клуб 1979 жылы салынған. Бүгінде елді мекен тұрғындарына қызмет етіп келе жатқан мәдениет ордасына салынғалы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда, «Жолсерік» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ауылдық клуб желтоқсан айында елді мекен тұрғындарына қызмет көрсете бастайды.

Бабата – Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орында әулие бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін таратуында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айналдырған адам – Ысқақ баб. Бабата кенті ғылымда әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп отырады. Орыс ғалымдарынан алғаш назар аударған – Г.И. Спасский. Кеңес дәуірінде Бабата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары