$ 443.35  475.54  4.82

Бәйдібек ауданында «Тәуелсіз еліміздің жастары» атты флешмобтар өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім беру мекемелерінде «Тәуелсіз еліміздің жастары» атты флешмобтар өткізілді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Басты мақсат оқушыларды Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу болып табылады» дейді ұйымдастырушылар.

Мектептерде өткізілген флешмобтар «Тәуелсіздік таңы, нұрлы таң», «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ұранмен басталып, 5-10 сынып оқушылары «Қара жорға», брэк-денс, хип-хоп билерін биледі. Флешмоб барысында оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арнаған өнерлерін ортаға салды.

Бәйдібек ауданында 49 жалпы білім беретін, 3 қосымша білім беретін және 13 мектепке дейінгі оқу-тәрбие беретін білім мекемелері бар.

Жалпы білім беретін мектеп саны – 49, оның 28-і типтік, 21-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Апатты, үш ауысымда оқитын мектептер жоқ.

Қазіргі таңда мектептерде 1158 дана компьютер қондырғылары бар. 2014 жылы «Алмалы», «Кеңсай», электронды оқу жүйесі арқылы – М.Әуезов, №1 мектеп-интернаттарына келетін компьютерлер есебінен бір компьютерге 9 баладан келетін болады. Үйде оқытылатын 68 бала компьютерлік қондырғылармен қамтамасыз етілген.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандағы мектептерде 107 жаңа типтегі биология, химия, физика, лингафон және мультимедиа кабинеттері жабдықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары