$ 447.4  477.55  4.76

Қазығұртта бидайдың орташа өнімділігі 26,9 центнерге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында бидайдың орташа өнімділігі 26,9 центнерге жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткішке ие болды. Бұл туралы Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді баяндаған Т.Телғараев ауданның жалпы өңірлік өнімі 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге, ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 431,7 млн. теңгеге жетіп, 45,8 есеге артқанын айтты. Осы жылдар ішінде Қазығұртқа жалпы 102,7 млрд. теңге инвестиция тартылса, 2016 жылы 13 963,3 млн. теңгеге дейін өскенін баяндады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылдан бері жалпы саны 28 жоба қолдау тапқан. Ауданда шығарылған өнім көлемі және көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдері 33,3 млрд теңге болып, 1991 жылмен салыстырғанда 51 есеге артты. Кәсіпкерлікті дамытуға 6 несие беру ұйымдары арқылы, 2009 жылдан бері аудан кәсіпкерлеріне 9,8 млрд.теңге қаржы берілген»,- деді аудан басшысы.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай ауданда тамшылатып суару әдісінің жалпы көлемі 2384 гектарға, ал жылыжайлар көлемі 88,9 гектарға жеткен. Осы жылыжайлардан биыл 4,5 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған. Ал егіс көлемі өткен жылдан 2290 гектарға артып, 83908 гектарды құрап отыр.

Спикердің мәлімдеуінше, осы жылы дәндік жүгеріден 2061,2 тонна, көкөністен 10397 тонна, бақшадан 2550 тонна, картоптан 5189 тонна, масақты дақылдардан 113251 тонна өнім жиналған. Ал, бидайдың орташа өнімділігі 26,9 центнерді құрады.

Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары ірі қара мал саны 64 880 басқа жетіп, 1,5 есеге, қой-ешкі саны 356 843 басқа жетіп, 1,3 есеге, жылқы саны 28 331 басқа жетіп, 2,2 есеге өскен.

Бүгінгі күнге ауданда 569 ірі қара мал бордақылау алаңдарында 9023 бас мал бордақыланып, 13015 тонна ет өндірілді. Ет өнімі 13 015 тоннаға жетіп, 1,3 есеге, сүт өнімі 43 488,7 тоннаға жетіп, 1,2 есеге өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары