$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-да этнос өкілдері ағаш көшеттерін отырғызды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағында өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері ағаш көшеттерін отырғызды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған игі шараға облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, ОҚО ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев қатысты.

Этнос өкілдері бұл бастаманы облыс әкімі, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың ұлысымыздың ұйытқысы Оңтүстікті жасыл желекке айналдыру туралы байыпты бастамасына қолдау білдіру деп айтады.

Шараға атсалысқан ассамблея мүшелері көшет отырғызған аймақты «Достық аллеясы» деп атау жөнінде ұсыныс білдірді.

«Мұндай акция күнделікті өміріміздегі біздің ортақ істеріміздің негізі болуы тиіс. Табиғат – адам баласына баға жетпес байлық пен мол қазынаның көзі, қоршаған ортаны таза ұстау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті. Ағаш жайқалып көтерілуі үшін ондаған жыл қажет. Жерге өз қолымен көшет отырғызған адам табиғатқа ұқыпты қарайды әрі онымен тығыз байланысты сезінеді. Бұл шараға жүрегі елім, туған жерім деп соққан жастар да белсене араласып, туған өлке табиғатының көркеюіне үлестерін қосып, қарағай көшеттерін отырғызды», – дейді ұйымдастырушылар.

Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары