$ 448.56  478.03  4.79

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Сарыағашта мәдениет үйлері ашылды

Оңтүстік Қазақстандағы курортты аймақ саналатын Сарыағашта 2 мәдени нысан  пайдалануға берілді. Ақтөбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде қос-қосынан қуаныш болып жатыр.

Ақтөбе ауылдық округінде 26 мыңнан астам халық тұрады. Осыншама тұрғыны бар аймақта бүгінге дейін мәдениет үйі болмаған. Соған байланысты  Қызыләскер ауылында  150 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған. Бұғмн облыстық бюджеттен 90 млн. 957 мың теңге қаржы бөлінді. 1 жыл болмай ауыл ортасынан сәулеті көз тартатын ғимарат бой көтерді. Раушан Садықова  1998 жылдан  бері  кітапханашы болып еңбек етеді. Күні бүгінге дейін ғимарат табылмағандықтан әр мекемеде көшіп жүрген. Ендігіде кітапхананың өз баспанасы, 10865 кітап қоры бар. 720 оқырманы өзіне қажетті кітаптарды таңдап оқуда. Жаңа мәдениет үйінің ашылғанына дән риза. Енді ол әр есікті сағаламайтын болдық,-дейді.

Ал, Таскескен елдімекенінде орналасқан 75 орындық мәдениет үйіне облыстық бюджеттен 61 млн. теңге жұмсалған. Мәдениет нысандарының екеуі де толықтай компьютер құрал-жабдықтарымен, жиһаздармен қамтамасыз етілген.  Мәдениет үйінде жоғары жылдамдықтағы интернет пен  телефон  байланысы да қосулы.  Сарыағаш ауданының шалғайда орналасқан және бұрын мән берілмей келе жатқан ауылдары айтулы мереке қарсаңында осындай сыйға бөленді. Бұл да болса, тәуелсіздік жемісі екені даусыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары