$ 444.14  477.05  4.85

Түркістанда заманауи базар ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында «Нұр-Әсем» мал базары ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себебі, бұл көптен бері шешімін таппай келген түйткілді мәселе болатын.

Нысанның ашылу салтанатына шаһар басшысы Ә.Өсербаев арнайы қатысып, жаңадан құрылған ұжымға табыс тіледі. Базар талапқа сай,  соңғы үлгімен жабдықталған. Жеке кәсіпкер Әбсәмат Мәткәрімұлы 200 адамды жұмыспен қамтымақ. Айтып өтейік, Түркістан қаласы мен ауылдық округтердің негізгі күнкөріс саласы мал мен егін шаруашылығы екені белгілі. Жыл өткен сайын бұл салада өсімнің артуы көңіл қуантады. Соның ішінде ірі қара 81994 - 106,5%-ға, қой-ешкі 437577 - 104,5%-ға, жылқы 9983 - 108,5%-ға, түйе 2742 - 105,4%-ға көбейіп отыр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында мал басын асылдандыру да ілгері дамып келеді. Бүгінгі таңда ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Бүгінде әлемдік деңгейде әр қаланың «Даму концепциясы» тұжырымдамасы жасалып жатыр. Яғни, өркениетті және дымыған қалалардың стандарттық талаптарға сәйкес келуі назарға алынады.

Осыған байланысты Түркістан қаласы қай жағынан қарасаңыз да, жалпыға бірдей стандартқа сай болуы керек. Ескі мал базардың қала келбетіне және де санитарлық талаптарға сәйкес келмеуін ескеріп, шахар басшысы кәсіпкерге ыңғайлы жер ұсынған еді. Екі тарап ортақ шешімге келіп, нәтижесінде заманауи нысан ел игілігі үшін берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары