$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте қазақша таза «сөйлейтін» 1500-ге жуық көше бар

Тәуелсіздіктің берген тағы бір теңдесі жоқ сыйы – тіл, дін, діл еркіндігін берді. Қазақтың қазақ боп қалыптасуына мол мүмкіндік туды. Бұған дәлел – Оңтүстіктің орталығы саналаған Шымкент шахары, ондағы 1500-ге жуық көшенің атауы өзгертіліп, ұлттық нақыш алуы.

14 жылдан бері қала картасының жоспарын жасап келе жатқан тарихшы Владимир Сериков осылай дейді. Картографияның қыр-сырын жетік меңгерген әмбебап маман жақын күндері Шымкенттің жаңа картасын аяқтады. Ол қоғамдық көліктердің бағыттары бойынша схема сызып, қала картасының алғашқы сұлбасын 2002 жылы жасаған. Кенттің қыр-сырына қанық Владимир бұл жолғы жұмысын аяқтауға жарты жыл уақытын сарп еткен. Еңбегі еш кетпеді. Баспахана карталары ел арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әсіресе, қазақша атауы бар көшелер қаланың барлық азаматтарына қажет мағлұмат.

Бізге жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы, түрлі қоғамдық тасымал компаниялары үнемі тапсырыс беріп тұрады. Жыл сайын, біз картаны жаңартып, толықтырып отырамыз. Әлеуметтік маңызы жоғары нысан болса, түсіріп алып, картаға енгіземіз. Жұмысымызды жоғары бағалап жатады, – дейді «ВЕГА» ЖШС-нің бас редакторы Владимир Сериков. 

Айтып өтерлігі, аталған мекеме мамандары Шым шахардың атласын, тарихи және бағыт картасын сызумен қоса айналысады. Туған өлке тарихын зерделеп жүрген ұжым жылдың соңына дейін «Шымкент уақыт ағымында» атты тарихи этно-географиялық кітабының екінші бөлімін жарыққа шығармақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары