Нұрлы жол 10.12.2016 сағат 11:36

Арыста дендрарий саябағы ашылды

Оңтүстік Қазақстандағы тоғыз жолдың торабы саналған Арыста дендрарий саябағы ашылды. Оған облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент тас жолы бойынан бой түзеген дендросаябақтың аумағы 12 га алқапты құрайды. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ж.Түймебаев арыстықтарға естелік ретінде шырша ағашын егіп, жергілікті халықты осы саябаққа кемінде бір түп ағаш егуге шақырды.

Аталған бақта бүгінгі таңда ағаш көшеттерінен 10 мың түп жасыл желек өсірілуде.

Облыс әкімінің Арыс шаһарына жасаған жұмыс сапары қала активінің отырысымен жалғасты. Арыстың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстары баяндалды. Қала бюджетінің 33,6 пайызы немесе 4,1 млрд. теңгесі өзіндік кірістер, ал қалған 7 млрд. теңгесі облыс пен республикадан берілетін субвенция мен трансферттер. Өзіндік кірістердің басым бөлігі, 2,9 млрд. теңгесі «Ордабасы» корпорациясының салықтарынан түсіп отырады. Алдағы уақытта индустрияландыру картасының шеңберінде 3 жоба іске аспақ. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуы тиіс 12 жобаның екеуіне ақша беріліп, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету жұмыстары жолға қойылып келеді. Шаһарда 45,8 мың гектар егістік жердің 25,9 мың гектары немесе 56 пайызы игеріліп отыр. Отырысты қорытындылаған аймақ басшысы Арыс қаласының әкіміне салық салу базасын ұлғайтып, бюджеттік емес инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстарды арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандырып, бос жатқан жерлерді қайта айналымға қосуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, білім ошақтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттырып, құқықбұзушылық пен қылмыскерлікті азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауды жүктеді.

«Басты қуанышымыз - Тәуелсіздік тойын жоғары деңгейде ұйымдастыру. Себебі, осы арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткен мен бүгіннің жетістігіні саралап, сіңіре аламыз. Тарихты бағалай білуіміз керек», - деді сөз соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар