$ 448.89  477.93  4.76

Отбасы – бақыт кілті

Осындай атаумен түскейдеті Созақ жұрты дөңгелек стөлге қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері мұрындық болған. Мақсат айқын. Елдің кемел келешегі жолында жалынды ұрпақты тәрбиелеп, өсіру.

Шара барысында көпшілік қауым отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген идеяларын ортаға салды. Бүкпесіз, ашық пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде де қызу әңгімелер өрбіді. Әлем әдебиеті, ұлт әдебиетінде отбасылық құндылықтар қалай зерделеніп, ұсынылғаны жөнінде қалың оқырманға кітапхана библиографы Бақшагүл Момынова шолу жасады.

Балнұр Жұмабаева - кітапханашы:

-«Біз бір отбасымыз» атты отбасылық тренинг жүргізді. Шараға қатысушылар топқа бөлініп, ерлі-зайыпты арасында туған дауды сырттың араласуынсыз, ешкімге сыр блдірместен ішінара шешуге тырысты. Көпке үлгі болған мұндай тренинг алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады, - деді ол.

Ұлағатты әке, ел ағасы, журналист Сәрсенбек Теңізбаев, ардақты әжелер Несібелі және Альмара апайлар жастарға отбасындағы өнегелі тәрбие жайында өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелде «Отбасы өмір аясы» бейнеролик көрсетіліп, «Отбасы-бақыт кілті» атты кітап көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты. Мұндай іс-шаралар ауданда биыл ғана емес, жылда және үнемі өткізіліп тұрады. Алайда, бұл жолғы тақырыптың жөні бөлек. Қаншама отбасы бақытсыздыққа ұшырап, жетім мен жесірдің санын көбейтіп жатыр. Мұндай жағдайларға жетпеу үшін не қажет, нені ескеру керек деген сияқты сұрақтарға толық жауап берілгендей болды. Отбасылық құндылық мәселесі бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасындағы мұндай күрмеулі мәселелерді көтеріп отырудың өзі айрықша екендігі рас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары