$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіз еліміздің жастары

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздің жастары да белсенділік танытып, айтулы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жатыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының студент жастары мен мектеп оқушылары «Тәуелсіз еліміздің жастары» тақырыбымен білім беру мекемелерінде флешмобтар өткізді.

Шараны ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі мен білім беру бөлімдерінің мамандарының айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – жастарды отанды сүюге баулу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу болып табылады.

Мектептерде өткізілген флешмобтар «Тәуелсіздік таңы, нұрлы таң», «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ұранмен басталып,  5-10 сынып оқушылары «Қара жорға», брэйк-денс, хип-хоп билерін биледі. Флешмоб барысында оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған ұран сөздерді айтып, іс-шара  қорытындыланды.

Айта кетейік, айтулы мерекеге орай тек Бәйдібек ауданының емес, бүкіл облыс жастары флешмобтар ұйымдастырып, мерейі мерекеге өз сыйлықтарын табыстап жатты. Мәселен, бір ғана Шымкенттің өзінде медициналық колледждің студенттер, бірнеше мектептің оқушылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері түрлі ұрандарды бейнелеп, отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Тіпті, оңтүстікқазақстандық полицейлер де Шымкенттегі алаңға шығып, студенттермен бірге осынау шаралардың біріне қатысып көрген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары