$ 444.32  473.33  4.76

Тұрақтыда жаңа көпір салынды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын басты бағытқа ала отырып, халыққа қызмет көрсету мақсатында ОҚО Бәйдібек ауданындағы Тұрақты елдімекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді.

Аудан әкімі Танағузов Бақыбек Төленұлы елдімекен тұрғындарына өзінің ізгі тілегін білдірді. Егемендігімізді алған қысқа уақыттың ішінде еліміздің болашағы, халық игілігі үшін жұрт тамсанып, ғибрат аларлық талай игі істер біздің ауданда да атқарылып жатқандығына тоқталды.  Алдағы уақытта бұл елді мекенде жаңа жол салыну жоспарда бар екенін және 2017 жылы жаңа мектептің құрылысы басталатынын атап өтті. Жаңа көпірдің құрылысы  ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық бюджеттен қаржыландырылып құрылысы басталған болатын.  Жыл басында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық  мерекесі қарсаңында  25 нысан аудан халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бүгінгі нысан 23-і болып табылады.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы  Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес іске асыруда. Осы іс-шара аясында Тұрақты ауылындағы халықтың жүріп-тұруына қажетті көпір құрылысы пайдалануға беріліп, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

Іс-шара соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары