$ 444.22  476.38  4.82

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты сурет көрмесі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Бәйдібек аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бізге не берді?» атты дөңгелек үстел мен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сурет көрмесі өтті.

Жалпы пікірталастың мақсаты - жастардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімі мол, патриоттық, адамгершілік рухын қалыптастыру; Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу; Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихын ұғындырып, тәуелсіздікке жету жолындағы жетістіктерін насихаттау; жастардың пікірлерімен бөлісу.

Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық сәулет көркем музейі, №19 колледж, №1 жалпы орта мектеп-интернаты, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі, Күлтөбе негізгі орта мектебінің белсенді жастары мен «Қоғамдық келісім және жастар ресурстық орталығының» мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Елтаева, аудандық сәулет көркем музей қызметкері М.Расулованың баяндама жасады.  

Тәуелсіздік бізге не берді? Біз не бердік? – осы сұрақтар аясында қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Пікірталасқа қатысушы жастар белсенділік танытты. Өз кезегінде қатысушылар тәуелсіздікке арнап өлең шумақтарын да айтты.

 

Пікірталас соңында А.Елтаева, М.Расулова жастарға, дөңгелек үстелге қатысушыларға келешекте ел болашағына үлкен үлес қосарына сенім білдірді. Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен келешегі, Біздің Тәуелсіздікке қосқан үлесіміз қандай?, Тәуелсіздігіміздің бір жетістігі – «ЭКСПО-2017», «ЭКСПО» әлемдік көрме туралы не білеміз?, «ЭКСПО -2017» әлемдік көрмеден сіз не күтесіз? деген тақырыптарда қатысушы жастардың ой-пікірімен алмасып, сұрақ-жауаптарға жауап берілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары