$ 443.85  474.3  4.8

«Тәуелсіздік балдырғанның тілімен»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы саналатын Шаян ауылында білім беру мекемелерінде шағын орталық бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік балдырғанның тілімен» атты конкурс өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Конкурстың басты мақсаты – жас өрендерді Тәуелсіздік туралы, Желтоқсан оқиғасы туралы, егемендіктің мәнін ұғындыру, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту болып табылады.

Конкурс аясында тақырыптық қабырға газеттері шығарылып, Тәуелсіздік тақырыбында ақын-жазушылардың және оқушылардың өз шығармалары оқылды. Поэзияға деген құштарлығы, білімі, шығармашылық қабілеттерімен көзге түскен оқушылар мектеп әкімшілігінің мадақтамаларымен марапатталды.

Сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының ұйымдастырумен тақырыптық көрмелер жасақталды. Көрмеге Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарының шежіресі, Тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектер мен ерліктер жайлы материалдар қойылды.

Осы ретте айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Концерттік бағдарламаларды айтпағанда, жоғарыда аталғандай әдеби және рухани шаралар, балалар арасындағы байқаулар, қолөнер шеберлерінің көрмелері, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар және өзге де мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып келеді. Ал, негізгі мерекелік іс-шаралар Шымкентте желтоқсанның 14-15 күндері аралығында өтеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары