$ 447.4  477.55  4.76

Бәйдібекте мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және Бөген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихаты хатшысының уақытша міндетін атқарушы Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы, «Айғақ» телеарнасының директоры Дулат Әбіш, аудан әкімі Танағұзов Бақытбек Төленұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков қатысып, аудан, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген мекеме, ұжым қызметкерлерін, шаруа қожалықтар жұмысшыларын, жеке кәсіпкерлер мен еңбеккерлерді облыстық, аудандық мәслихаттың, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, аузы дуалы қариялар арасында бата беру, ақжаулықты әжелер арасында ауылдың алты ауызын шырқау сияқты байқаулар ұйымдастырылса, бір жағында шахмат, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты спорт жарыстары өткізілді. Мерекелік іс-шараның соңында «Батагой қария», «Үздік әжелер ансамблі» сондай-ақ «Үлгілі аула», «Үлгілі көше», «Үздік сала қызметкері» сияқты номинациялар бойынша бір қатар ауыл тұрғындары марапатқа ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары