$ 449.58  486.94  4.86

Тәуелсіздік мерейтойына орай спорттық жарыстар өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы саналатын Шаян елдімекенінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай спорт түрлерінен жарыс өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Турнирді «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» қарсаңында аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі ұйымдастырып отыр. Жарысқа барлық мекеме қызметкерлері қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Сонымен қатар, іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков қатысып, құттықтау сөз сойлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Іс-шараға барлығы 15 команда қатысып шахмат, қол күрес, арқан тарту, кіртасын көтеру және волейболдан жарыстар өткізілді. Мерекелік іс шараның қорытындысы бойынша аудандық ветеренария бөлімі 1-ші орын, аудан әкімі аппараты 2-ші орын, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 3-ші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен барлық жарысқа қатысушы командалар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында түрлі спорттық шаралар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, журналистер мен блогерлер арасында, мұғалімдер мен мемқызметкерлер арасында, дін саласында қызмет етіп жүрген азаматтар арасында шағын футболдан бірнеше жарыс өтті. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту мақсатында да аудан-ауылдарда көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамба ату секілді ойындар ұйымдастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары