$ 448.56  478.03  4.79

«Тәуелсiздiк – бабалардың сан ғасырлық арманы»

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейлi мерекесiне орай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында «Тәуелсiздiк – бабалардың сан ғасырлық арманы» атты тақырыпта салтанатты  жиын өттi.

Мерекелiк шара аудандық Мәдениет сарайының фойесiнде суретшi Әдiлхан Мәлiктiң «Отырар – ұлылар Отаны» тақырыбымен салынған триптих картинасының ашылуынан басталды. «Тәуелсiздiк — тұғырым» кiтап көрмесi де ұсынылып, көрме аясында жергiлiктi ақындардың шығармалары жинақталған «Тәуелсiздiк толғауы» кiтабының таныстырылымы болды.

Салтанатты жиында ҚР Инвестиция және даму министрлiгi Көлiк комитетi төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов пен аудан әкiмi Ерлан Айтаханов отырарлықтарды арнайы құттықтады.

Жиында аудан басшысы Отырар ауданының әлеуметтiк-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосқан А.Балажан, Қ.Бәйшенов, Қ.Бөрiбек, Е.Бөрiбаев, С.Жантөреева, Қ.Нұрқұлов, Ә.Төре, Н.Уайсқа «Отырар ауданының құрметтi азаматы» атағының куәлiгi мен төсбелгiсiн салтанатты жағдайда тапсырды.

Сондай-ақ, ел Тәуелсiздiгiнiң нығаюына, ауданымыздың өсiп-өркендеуiне қосқан үлесi үшiн бiр топ сала саңлақтары мен ауыл ақсақалдары аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңында аудан өнерпаздары көрермендерге мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар азаматы мемлекет тарапынан мерекелік наградаларға ие болды. Олардың қатарында өңірдің экономикасы мен рухани дамуына, идеологиясына үлес қосқан қайраткерлер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары