$ 447.4  477.55  4.76

Этносаралық келiсiм – өмiршеңдiк оттегi

Елiмiз бай да қуатты болуы үшiн бiр ғана жол бар. Ол – ынтымақ. Осы ынтымақты насихаттауда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлi Жолдауында әрдайым этносаралық келiсiм мен толеранттыққа ерекше мән берiп келедi. Жолдауда «Этносаралық келiсiм – ол өмiршеңдiк оттегi. Бiрлiгiмiз бен этносаралық келiсiмдi бiздiң өзiмiз сақтауға тиiспiз» делiнген. Биыл соған қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 21 жылдығы тойланды. Демек, бiз әрбiр азаматтың бостандығы мен азаматтық құқығының теңдiгiн тойлауымыз керек. Ел iшiндегi ұлтаралық бiрлiктi нығайтуда Ассамблеяның рөлi ерекше. Көпұлтты халықтың достығының кепiлi ауызбiршiлiк болғандықтан, елiмiзде азаматтардың тiлiне, дiнiне, нәсiлiне қарамай, бәрi тең құқылы.

Биыл Қазақстан халқы тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлауға кірісіп кетті. Бұл да осы ұлтаралық ынтымақтың тәтті жемісі. Ал, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шағырақ астында бір атаның алаларындай тату өмір сүруі - Елбасы саясатының арқасында. 

Мәселен, Төлеби ауданындағы 118 431 тұрғынның 29,02 пайызын басқа ұлт өкiлдерi құрайды. Оның iшiнде 83 748-i қазақ болса, өзбектер – 16 601, орыстар – 7224, әзiрбайжандар – 2324, тәжiктер – 11, татарлар – 776, түрiктер – 3531, кәрiстер – 258, украиндар – 1045, күрдiлер – 1430, немiстер – 78, ұйғырлар – 7, шешендер – 674, қырғыздар – 151, парсылар – 55.

Көрiп отырғанымыздай, ауданда қаншама ұлт өкiлдерi тұрып жатыр. Тiлдерi бөлек, түрлерi әртүрлi болғанымен, тiлектерi – тыныштық. Адамдардың әу бастан әртүрлi ұлт болып жаратылуының себебi өте қарапайым. Алла Тағала қасиеттi Құранда «Сендердi бiр-бiрлерiңдi оңай тану үшiн әртүрлi ұлтқа бөлiп жараттым» деген. Демек, әртүрлi ұлт пен ұлысқа бөлiнуiмiздiң мәнi осы ғана. Жiк-жiк, жақ-жақ болып күш сынасу үшiн емес. Расында, бiр үйдiң балаларына бiрдей ат қойса, қалай шатасар едiк. Бiр үйде әрi кетсе 10 бала болады. Ал, ендi 6 миллиард халықтың бәрi қазақ болса, қалай айырар едiк?

Дана Абай «Адамзаттың бәрiн сүй, бауырым деп, Және Хақ жолы осы деп, Әдiлеттi» дегенде береке-бiрлiктiң, дұрыс жолдың түп-тамырының қайда екенiн осы екi-ақ ауыз сөзбен түсiндiрiп берген жоқ па?

Қилы-қилы заманда жер ауып келген сан түрлi ұлттарға ұлан-ғайыр жерiмiз пана болды. Кiшiпейiл, қонақжай қазақ кiм келсе де құшақ жая қарсы алып, бауырына басты. Сан тараптан соққы жеп, бас сауғалағандары да, күшпен жер аударылып, айдалғандары да табан тiреген қазақ жерiне қоныстанып қалды. Бiр кездерi бiр нанды бөлiп жеген қазақ халқына олардың ризашылығы шексiз.

Елiмiздiң өркендеуi, экономикамыздың дамуы елдiң бiрлiгiне тiкелей байланысты екенiн түсiндiру мақсатында өткен жиында аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Жұман Әбдиев баяндама жасап:

– Қазақ халқы бауырмалдығымен ерекшеленiп тұрады. Мұны бiздiң елдi мекендеген барша қазақстандықтар бiлiп, сезiнсе керек. Әрбiр ұлт өкiлдерiнiң көнекөз қариялары, ардагерлер кеңесiнiң төрағалары, тiптi, ақ жаулықты аналары кiшiгiрiм басқосуларда, жиындарда ой айтып, бiр шаңырақ астына топтасқан түрлi этнос өкiлдерiнiң ынтымағы мен Отанға деген сүйiспеншiлiктi, мейiрiмдiлiк, достық сияқты асыл қасиеттердi санасына сiңiре бiлсе, болашағымыз жарқын болары анық. «Бiрлiк бар жерде – тiрлiк бар» деген халқымыздың дана сөзi әрбiр жүректе жаңғырып тұруы керек, – дедi ол.

Алдағы уақытта ұлтаралық қарым-қатынас пен татулықты нығайтуда игiлiктi шаралар жалғасатын болады. Ауыл әкiмдерiне осы бағытта үгiт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзу тапсырылды.

Қ.НОҒАЕВА. Төлеби ауданы
«Оңтүстік Қазақстан».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары