$ 445.66  474.58  4.78

«Парасатта» парасатты әңгiмелер айтылды

Облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКМ мен  М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Парасат» колледжiнiң ұйымдастыруымен  «Елi сүйген — елiн сүйген Елбасы» тақырыбында  iс-шара өттi.

Студенттерге  мемлекетiмiздiң  бүгiнгi табыстары оңайлықпен келмегенi, тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардағы қиындықтар туралы тағлымға толы бейнефильм көрсетiлдi.  Елбасы Н.Назарбаевтың қарапайым жұмысшыдан мемлекет басшысына  дейiнгi өмiр жолы, әлемдiк дәрежедегi саясаткерлермен терезесi тең тұрғыдағы кездесулерi  әдемi өрнектелген  фильмдi тамашалау барысында жастардың бойын патриоттық рух билеп,  мақтаныш кернедi.

Мұнан соң студенттер өздерiне тәлiм-тәрбие берiп жүрген ұстаздары  Гүлмира Оспанованың  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерi екенiн бiлгенде  азаттық үшiн күрескен қарлығаштардың  ерен ерлiктерiне деген қызығушылықтары артты. Сол кезде небәрi 18 жаста болған Г.Оспанова Желтоқсан оқиғасы туралы жан-жақты әңгiмелеп бердi.

— Мұндай iс-шаралардың жастар үшiн берерi мол. Жалаң ұрандатудан гөрi жастар өздерi күнде көрiп жүрген азаматтардың, тұлғалардың  бүгiнгi қоғам, елiмiздiң тәуелсiздiгi туралы толғаныстарын тыңдап, көкейлерiнде жүрген сұрақтарына жауап алу арқылы үлкен әсер алып жатады, -- дейдi «Жастар ресурстық орталығы» МКМ-нiң бөлiм басшысы Майя Әлiбжанова.

Парасатты әңгiмелер айтылған «Парасат» колледжiндегi  iс-шара  барысында  жастар арасында қолөнер шеберлерiнiң ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған  көрмесi ұйымдастырылды. Тәуелсiздiк құрдастары Жандос Өсербаев (Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртiсi),  Нұрым Досболовпен («Байдың балалары» Жайдарман тобының ойыншысы)  кездесу өттi.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары