$ 444.22  476.38  4.82

«Ұлы дала ұрпақтары»

Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтының ұйымдастыруымен облыстық бейнелеу өнерi мұражайында «Ұлы дала ұрпақтары» атты шығармашылық көрме ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков, облыстық мәслихат хатшысының мiндетiн атқарушы Әбiлқасым Досболов, жазушы Мархабат Байғұт қатысты.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойына тарту ретiнде ашылған көрмеге «Кәсiптiк мамандар даярлау орталығының», «Бейнелеу өнерi», «Аспап жасау», «Тiгiн», «Дефиле» үйiрмелерiне қатысатын 100-ден аса студенттiң жұмыстары қойылды. Майлы бояумен салынған суреттер, гобелен, киiз басу, ши тоқу технологиялары бойынша қолөнер туындылары, ұлттық аспаптар, кәдесыйлар көрермен назарына ұсынылды. Институт оқытушысы М.Ерiмбетов жетекшiлiк ететiн «Дефиле» үйiрмесiнiң қыздары сәндiк көйлектерiн көрсетсе, айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов жырдан шашу шашты. Көрме 30 қарашаға дейiн жалғасады.

– Тәуелсiздiк тойы қарсаңында мұндай шараларды өткiзудiң мәнi зор. Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды. Бұл мемлекет боламын деген елдiң жадында жүруi тиiс. Осындай шараны ұйымдастырған ОҚМПИ ұжымына облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың атынан алғыс бiлдiремiн, – дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков.

Сондай-ақ, осы iс-шара негiзiнде «Ұлы дала топырағын ұлықтайық» атты халықаралық суретшi-ұстаздар симпозиумы өз жұмысын бастады. Мұнда заманауи педагогикалық көркем бiлiм беру саласын зерттеп жүрген ғалымдар, магистранттар, суретшi-ұстаздар ғылыми-зерттеу нәтижелерi мен көкейтестi мәселелерi бойынша шығармашылық тәжiрибе алмасуда.

Айта кетейiк, симпозиумға қатысушылар арасында республика суретшiлерiмен қатар Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркия елдерiнен келген мамандар да бар. Қонақтар үшiн Шымкент және Түркiстан қалаларында «Шырайлы Шымқала», «Оңтүстiктiң көне көздерi» атты табиғат аясында саяхат ұйымдастырылады.

– Бұл шараны өткiзудегi мақсат – жастарды шығармашылыққа бейiмдеу. Көрмеге жалпы саны 121 туынды қойылды. Оның 44-i кескiндеме, 24-i гобелен өнерi бойынша, қалғандары – қолөнер бұйымдары. Симпозиум қонақтарына тарихи орындар мен Шымкент қаласының шырайлы орындарын таныстыра отырып, суретшiлердiң туындылары арқылы туған жердi насихаттауды басты назарға алып отырмыз, – дейдi ОҚМПИ Жаңа технологиялар және өнер факультетiнiң деканы Медеубек Тәңiрбергенов.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары