Нұрлы жол 10.11.2016 сағат 04:41

Ақсың ба, қарасың ба, қазақшаға барасың ба?..

Виталий Говраленко облыстық эндокринологиялық диспансердiң физиотерапия бөлiмiнiң дәрiгерi. Ұлты – украин. Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елдiмекенiнде туылған ол қарадомалақтармен ойнап өскенiмен, қазақша еркiн сөйлей алмайтын. Бүгiнде Шымкент қалалық тiлдердi оқыту орталығында мемлекеттiк тiлдi үйренуде.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

– Қазақ тiлiн жұмысқа қажеттiлiктен оқып жүрмiн. Медициналық орталыққа көбiне ауыл қариялары келедi. Оларға диагноз, емдiк шараларын түсiндiру үшiн қазақша бiлуiм керек, – дейдi ол.

Ал, кәрiс қызы Алена Тен қазақша оқуды алғаш Алматыда бастаған екен. Қазақ жiгiтiмен тұрмыс құрып, Шымкентке көшiп келгеннен кейiн де оқуын жалғастыруда. Жақында Виталий мен Алена оқып жүрген топтағы мемлекеттiк қызметкерлер емтихан тапсырды. Бұл шара «Мемлекеттiк тiл – тәуелсiздiк тiрегi» ашық есiк күнi аясында арнайы ұйымдастырылды.

– Өзге ұлт өкiлдерiнiң мемлекеттiк тiлдi бiлуi күнделiктi қажеттiлiкке айналды. Әсiресе, iс-қағаздарын қазақша толтыру үшiн арнайы курстан өтуi тиiс. Бiзге келушiлердiң басым бөлiгi қазақ тiлiн осы мақсатта оқиды, – дейдi орталық мамандары.

Ашық есiк күнi ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналды.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Алдыңғы жаңалық
«Ұлы дала ұрпақтары»
Келесі жаңалық
Ақиқатқа айналған арман

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар