$ 448.15  483.46  4.86

Елтануға қосылған үлес

Әдемi жыр, әсерлi әңгiмелерiмен көпшiлiкке жақсы таныс Юсуф Эргашев (Хосий) жуырда «Болашағы жарқын Қазақстаным» атты жаңа кiтабын оқырманға ұсынды. Осыған дейiн «Қайтар дүние», «Өмiр өткелдерi», «Айдан түскен адамдар», сондай-ақ, «Оралмас көктемiм», «Бiзге таныс және бейтаныс тiршiлiк» атты толғамды дүниелер берген қаламгер бұл жаңа туындысын ортақ шаңырақ – Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арнаған.

Самад Мусоның редакторлығымен жарық көрген мерекелiк кiтап «Мен Қазақстанды не үшiн сүйемiн?» деген жүрекжарды мақаламен басталады. Кiтаптың бүкiл мән-мазмұны егемен елдiң әр тұрғыны өзiне қоюы тиiс осы бiр өзектi сауалға жан-жақты жауап ретiнде жазылған. Жаңа дәуiрде бой көтерген жаңа қалалар, соның iшiнде елорда – Астананың салыну тарихына ой жiберген.

Жазбагер ел мен елдiң арасындағы достық пен туысқан халықтардың ауызбiрлiгiн ақ өлеңмен жазып келiп, ақындық шабытына да дем берiп, лағыл шумақтарды төгiп-төгiп жiбередi.

Елiмiздiң болашағын Қазақстанның тұңғыш Президентi – Елбасымен байланыстыра отырып, еңбектегi табыстары мен жетiстiктерiн Мәңгiлiк ел мұратына жету үшiн арнап отырған ер халықтың даңқты жол – Нұрлы жолды таңдап алғанын автор ерекше серпiнмен жазады.

Туысқан өзбек халқының өкiлi, Қазақ елiнiң шайыры Юсуф Эргашев өзiнiң атамекенi Қазақстанға деген перзенттiк махаббатын «Болашағы жарқын Қазақстаным» атты кiтабы арқылы бiлдiре отырып, жас буынды патриоттыққа тәрбиелеуге үлкен үлес қосқаны деп бiлемiз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары