$ 444.22  476.38  4.82

«Қамқорлық» автокеруенi жолға шықты

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Отанымыздың қол жеткiзген жетiстiктерiн, ел бiрлiгi мен ынтымағын насихаттау, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беру, медицина мамандарының кеңесiн ұсыну мақсатында сапарға шыққан «Қамқорлық» автокеруенi алғашқы сапарын Бiрiншi Мамыр ауылдық округiнен бастады. Аудан әкiмi Б.Парманов жиналған қауымды 25 жылдық мерейтоймен құттықтап, автоке-руенге сәттi сапар тiледi.

Ауыл тұрғындары түрлi сала мамандары мен әлеуметтiк көмек көрсету саласы қызметкерлерiнен кеңес алды. Он екi дәрiгер тұрғындарды қабылдап, медициналық тексеруден өткiздi. Ақпараттық-үгiт насихат тобы тәуелсiздiк жылдарындағы елiмiздiң жеткен жетiстiктерi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Керуен аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнiмдерi арзан бағада сатылды. Тұрғындар қолөнер бұйымдары қойылған көрме мен аудандық Мәдениет үйiнiң өнарпаздары ұсынған мерекелiк концерттi тамашалады.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «25 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Оның аясында тек мерекелік шаралар ғана емес, қайырымдылық істер де көптеп атқарылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетіліп, рухани құндылықтардың сақталуына қолдан келгенше жағдайлар жасалуда. Сондай-ақ, осынау акция аясында жомарттық танытып, қаншама жылдар бойы жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созып келген меценаттар мемлекет тарапынан марапаттарға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары