$ 441.66  475.14  4.86

Жұлдызды 25 күн

Шәкiрттер Елбасыға ұқсағысы келедi

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған «Жұлдызды 25 күн» аясында Шымкенттегi Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебiнiң кiтапханасы «Елбасы --- ел тiрегi» атты ашық тәрбие сабағын өткiздi.  Iс-шараға 4-7-сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

--- Елiмiздiң еңсесiн тiктеп, мемлекетiмiздiң шекарасын мығымдап берген Елбасының сара жолы — келешек ұрпаққа өнеге. Шараның мақсаты --- өскелең өрендердi елiн сүйген,  елi сүйген  Елбасыдан  үлгi алуға тәрбиелеу,  --- дейдi кiтапхана меңгерушiсi Раушан  Хамитова. 

Биыл — мектептiң 80 жылдық мерейлi мерекесi. Тәрбие сабағында осы мәселе де қамтылды,  қонақтармен  сыр-сұхбат та құрылды. Жазушы,  шежiрешi Момбек Әбдәкiмұлы, кiтапхананың оқырмандары Анаркүл Омарова, Анастасия Федорова тәуелсiздiк,  елдiк мұраттар  мен  көркем әдебиеттiң пайдасы туралы әсерлi әңгiмеледi. Қонақтарға кiтапханашылар сый-құрмет көрсеттi.

Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра

Шымкенттегi физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебiнде «Болашақ» бағдарламасы бойынша бiлiм алған түлектердiң қатысуымен «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. ҚР Тәуелсiздiгi 25 жылдығына орай өткен жиынға «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын бiтiрiп, бүгiнгi таңда түрлi салада қызмет етiп жүрген жас мамандар, белсендi жастар қатысты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Президентiнiң бастамасымен 1993 жылғы 5 қарашада жастардың шетелде бiлiм алуына жәрдемдесу мақсатында құрылған болатын. Қазiргi таңда осы бағдарлама бойынша бiлiм алған облыстағы 183 жас түрлi мекемелерде қызмет атқаруда. Олардың 12-сi мемлекеттiк қызметтерде басшы лауазымына ие.

Аталмыш бағдарлама бойынша бiлiмiн шет мемлекетте жетiлдiрген азаматтар осы басқосуда өздерi оқыған елдердiң бiлiм беру тәжiрибесiмен бөлiсiп, жастарды бiлiм жолында талмай iзденуге шақырды.

Иә, «көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» деген осы.

Жыландыдағы индустриалды аймақ жұмысын жандандыру жайы сөз болды

«Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» iс-шарасы шеңберiнде Бәйдiбек ауданындағы Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында семинар өттi. «Нұрлы жол» күнiне арналған жиында Жыланды ауылындағы индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру мәселесi сөз болды.

Ал, аудандағы бiлiм ұяларында «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы», «Тәуелсiздiк тарихы – ел тарихы» тақырыптарында ашық сабақтар өткiзiлдi. «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» күнiне орай Ағыбет ауылындағы Есiркеп батыр атындағы мектепте «Ел үшiн менiң еңбегiм» тақырыбында мерекелiк шара ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары