$ 443.85  474.3  4.8

Н.Өнербаев: «Жұрттан жырақта жүрсем де туған өлкемдi, ауылымды бiр сәт те естен шығарған емеспiн»

Күні кеше Шымкентте «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясы өткені белгілі. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Оның мақсаты – оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан танымал азаматтардың басын туған жерінде қосу, туған жерді түлетуге шақыру.

Осынау акцияға ҚР еңбек сіңірген артисі, әнші, композитор Нұрлан Өнербаев та арнайы келіп қатысты.

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, ҚР еңбек сiңiрген артисі:

— Әр азамат әрдайым өзiнiң атамекенiне  арқа сүйейдi. Жерi мен елiн сүймейтiн, емiренбейтiн жан кемде-кем шығар. Оңтүстiк Қазақстан облысында кiндiк қаны тамып, қазiр елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде жүрген азаматтардың басын қосып,  iргелi iстердi бастау үшiн ақылдасуға, бiрлесiп кеңесуге шақырған өңiр басшысы Жансейiт Түймебаевтың бұл бастамасын қуана құптаймын.

Өнер жолында жүргенiме 40 жылға жуықтапты. Алайда, жұрттан жырақта жүрсем де туған өлкемдi, ауылымды бiр сәт те естен шығарған емеспiн. Бұрын ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты болған кезiмде Үкiмет басшысына депутаттық сауал жолдап, Төлеби ауданындағы Зертас, Көксәйек ауылдық округтерiне қарасты елдi мекендерге газ тартуға, Леңгiр қаласындағы аурухана мен емхана құрылысына және ауызсу мәселесiн шешуге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпалымды тигiзген едiм. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай жеке шығармашылық концертiмдi 6 наурызда Шымкенттен бастап, бiрқатар облыстарды аралап шықтым. Өнер сүйетiн жандарға рухани азық сыйладым.

Биылғы қарашаның соңында туып-өскен жерiм -- Көксәйек ауылында қайырымдылық концертiн өткiзiп, одан түскен қаржыға тұрмысы төмен, жетiм 35 балаға жылы киiм сатып әпердiм. Бұл менiң перзенттiк әрi азаматтық парызым деп есептеймiн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары